Абу насыр аль фараби казакша - бу Насыр л-Фараби мірбаянына жа а исын. Учебный сайт


Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаянына жаңа қисын Даңқты жерлесіміз, Аристотельден кейінгі Екінші Ұстаз атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби туралы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы дерегінде былай деп жазылыпты:
«Алғашқы сауатын туған жерінде өз тілінде ашқан ол 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп, «Байт әл-Хәкма» атты ғалымдар үйі мен бай кітапханасы бар Бағдатқа барады».
Ал шындығы солай ма? «Тарих қайта қарастырыла береді» дейді.
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.
Бәлки, ұлы бабамызға қатысты қайта қарауды күтіп жатқан тұстар баршылық шығар. Жалпы, ғұламаның «білім іздеп аттанды» деген уақытының өзі заманауи тарих ғылымы үшін бұлыңғыр. Жаңағы келтірген жолдардың өзінде не 12, я 16 емес, «12-16 шамасында» деп екіұштылайды.

Сондай бір айқынсыздықты кейбір фарабитанушы ғалымдардан да байқаймыз.

Айталық, әл-Фарабидің рухани мұрасын көрнекті зерттеушілердің бірі, өзбек ғалымы М.М.Хайруллаев: «Орта Азиядан кетпей тұрғанда әл-Фараби Шаш пен Самарқанға соғып, біраз уақыт Бұхарада оқып, жұмыс істегені туралы әдебиетте деректер бар» деп жазады.
Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
Ол «әл-Фарабидің өзбек қалаларында білім алуы мүмкін» деген жорамалмен сол кездегі Мауреннахр аймағындағы мәдени орталықтардың бәрін тізіп шығып, осы қалаларда оқып, білім алғаны, жұмыс істегені туралы деректер бар деп жалпылама сілтей салады.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Бірақ дәл қай қалада, қай кезде оқығаны туралы нақты дерек көзін атап көрсетпейді.
Ал, шын мәнісінде, ондай дерек жоқ.
Әл-Фараби туралы деректер тек Таяу Шығыс, Үнді, Мысыр, Африка елдері, Еуропа елдерінде, тіпті Америка құрлығындағы елдерде сақталған. Мұндағы парадокс сол, оның өз Отаны - Қазақстан жерінде, Орта Азияда әл-Фараби туралы бірде-бір дерек жоқ. Бұған таңғалудың да керегі жоқ сияқты. Шыңғысханның сойқанды жорығы мен оның ұрпақтарының үздіксіз соғыстары, не десек те, Қазақстан аумағында бір кездері болған жоғары ғылым-білім мен мәдениеттің құнды жәдігерлерін шаң қаптырды, әрине.
Қазіргі қолда бар деректерді сөйлетсек, әл-Фарабидің елу жасқа дейінгі өмірі белгісіз. Ұлы ғұламаның өзі де өз өмірбаянын жазбапты (бәлкім, жазылған, бірақ бізге жетпеген), шәкірттері де оның елу жасқа дейінгі өмірі туралы ештеңе қалдырмаған.
Енді біз сол деректерді салыстыра отырып, ұлы ғұлама туралы қайсыбір деректердің толымсыздығын дәйектеп көрелік.
Фараби "Бақытқа жол сілтеу" трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтьщ жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-кұлықтын жетілуі арасында байланыс туады.

1. «Әбу Насыр әл-Фараби ғылым- білім іздеп, бала кезден Таяу Шығыс елдеріне аттанды» деген дерек.
2. «Ұлы ғұламаның ғылым-білімді өз Отаны Қазақстан жерінде емес, Бағдат пен Алеппода алды» деген деректер.
Кейбіреулер: «сонда қалай, осы уақытқа дейін ғұламаның өмірін зерттеген көптеген ғалымдар, әсіресе, бар ғұмырын ұлы бабасының мұрасын зерттеп, еңбектерін жинауға арнаған академик Ақжан әл-Машанидің аздап айқынсыздыққа ұрынғаны ма» деп тулауы да мүмкін.
Иә, Ақжан әл-Машани әл-Фараби­дің орасан зор мирасын оның туған топырағына қайта оралуына өлшеусіз мол еңбек сіңірді. Мұны мойындаймыз, дау жоқ. Дегенмен әл-Фараби мұрасын зерттеп, танудың қиындығы тек оның мыңжылдық тарих тереңінде жатқандығында ғана емес еді. Кеңестік дәуірдің елуінші-алпысыншы жылдары «мыңжылдық мәдени мұрамыз бар» деудің өзі қандай?!
Дәл сол шақ үшін, «Түріктің кім білмейді музыкасын, Фараби тоғыз ішекті домбырасын» деп жырлаған Мағжанның «халық жауы» атанып, атылып кеткендігінен хабардар ғалымның Екінші Ұстаз атанған әл-Фарабидің Отырарда кіндік қаны тамғандығын дәлелдеп шығуының өзі үлкен ерлік еді.
Абу-л-Қасым әл-Фараби — ғалым, ойшыл адам болған. Отырар қаласында туған және...
Осының өзін «коммунист Машанов мешітке барады, намаз оқиды» деп қуғындамақ болғаны және рас. Егер әлем мойындаған ұлы ғұламаның бұған дейін «ғылым-білімнен мақрұм, жазу-сызуы болмаған надан халық» деп келген қазақ жерінде білім алған деп дәлелдемек болса, ұлы орысшыл екіжүзді коммунистік идеология машинасынан аман қалмасы сөзсіз еді. Себебі бұл «орта ғасырларда қазақ жерінде орыстардан, тіпті Еуропадан әлдеқайда жоғары ғылым-білім, мәдениет болған» дегенге саятын тұжырымға әкелетін. Өз кезегінде мұны ашық айту - орыстық шовинизмнің күл-талқанын шығару деген сөз. Сондықтан да бар мүмкіндікті таразылай келе, фарабитанудың негізін қалап, дұрыс бағыт сілтеген әл-Машани оны әрі қарай дамытуды келер ұрпаққа қалдырды деп білеміз.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген екі дерекке өз ұстанымымызды дәйектейік.
1.Бірінші дерек туралы: Әбу Насыр әл-Фараби Бағдат қаласына елу жасында келген.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында қайсыбір деректерде - оның тікелей ықпалында болған іргелісі Лассиджде (оқсыз) Отырарлық әскер басының отбасында дүниге келген. «әл-Фараби», яғни «фарабтық» деген атқа ие болған.
Оған дейінгі өмірбаяны туралы еш дерек жоқ. Егерде ол 12-16 жасында ғылым іздеп Бағдатқа аттанса, отыз бес жыл бойы қайда жүрген?
Ол - ол ма, ұлы ғұлама жайлы замандастары мынандай жадынама қалдырыпты: «Әл-Фарабидің бойы орташадан төмен, ылғи да түркінің киімін киіп жүреді екен.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.
Ол мықты, күшті және ержүрек болған. Ол жебені жақсы тартқан, атқан оғы нысанаға дәл тиетін деседі».
Бұдан бірнеше қорытынды жасауға болады:
Біріншіден, жасынан ғылым іздеп, басқа елге кеткен бала елу жасқа жеткенше сол елдің салт-дәстүріне бейімделіп, сол елдің адамдарынша киінер еді. Бірақ әл-Фараби туралы жазған адамдардың бәрі оның үстінен түркі киімін тастамағанын айтады.Бұл оның түркінің салт-дәстүрін қатаң ұстаған ортада есейгенін, «білім іздеп келді» дейтін арабтарға оның тіпті де еліктемегендігін көрсетеді.
Екіншіден, ол түркіге тән жауынгер­лік өнерді өте жақсы меңгерген. Жас кезінен ғылым-білімге есі ауып, елін тас­тап кеткен балаға ұқсамайды.
Үшіншіден, ол нағыз түрікіге тән мінез қалыптастырған, мықты және ержүректігімен көзге түскен. Ұлы ғұлама туралы мынандай аңыз-әңгіме бар:
«Әл-Фараби Сирия билеушісі Сайф ад-Дауланың сарайына кіргенде, патша оған жайғасуын сұрайды. Ғалым: «өзімнің дәрежеме сай отырайын ба, әлде сенің мәртебеңе сай ма?» деп сұрапты. Патша оған: «өзіңнің дәрежеңе сай» деп жауап беріпті. Фараби барлық әмірлерден өтіп, патшаның өзін ығыстырып, таққа отырған екен. Сайф ад-Даула санаулы адамдар ғана білетін құпия тілде оққағарларына: «Мына шейх әдептілік ережелерін аяқасты етті. Қазір оның білімін тексеріп көрейік, егер ол жауаптарымен мені қанағаттандырмаса, онда сендерге белгі беремін, сендер оны жазалайсыңдар» дейді. Фараби бұл сөзді естіп, сол тілде «Уа, патша, аз ғана сабыр етіңіз. Істің ақырына қарап баға берер болар» деп айтады. Кейін патшаның алдында жиналған түрлі білімнің шебер мамандарымен ғылыми пікірсайысқа түсіп, нәтижесінде олардың барлығын мойындатыпты.
Кім не десе де, бұл - нағыз түркіге тән ер мінез. Мұндай діл нағыз түркілер арасында өмір сүріп, ержеткен, түркілік салт-дәстүрді әбден бойына сіңіріп өскен адамдарға ғана тән болса керек.
Енді ұлы ғұламаның толық аты-жөнін талдап көрейік.
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки.
Жасы кішісінен үлкеніне қарай берілетін бұл атаудан мынадай ой түйеміз:
1. ат-Турки - шыққан тегі түркі дегенді білдіреді.
2. әл-Фараби - Фараб қаласынан шыққан деген сөз.
3-5. ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ - ұлы ғұлама Мұхаммедтің баласы, ол өз кезегінде Тарханның баласы, ол Ұзлақтың баласы деген сөз.
Басқаша түсіндірсек, ұлы ғұламаның әкесінің аты - Мұхаммед, атасының аты - Тархан, бабасының аты - Ұзлақ.
6. Ұлы ғұламаның азан шақырып қойған өз аты -Мұхаммед.
7. Әбу Насыр - Насырдың әкесі дегенді білдіреді. Орыс халқында біреуді құрметпен атағысы келсе оның атына әкесінің атын қосып атайды. Мысалы: Иван Петрович, Егор Сергеевич, т.б. Ал арабтарда керісінше баласы жоқ адамды мүсәпір деп есептеген. Сондықтан бірінші баласы дүниеге келгенде, «енді құрметті адам болды» деп, адамның өз атына баласының атын қосып атау, құрметтеудің белгісі деп есептеген. Мысалы, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Башр және т.б.
Бұдан шығатын қорытынды, ұлы ғұламаның Насыр деген баласы, демек, оның жанұясы болған.
Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, топ жарғаны Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» («Әл-Мұғаллим ас-Сани»), «шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбу Насыр Мұхаммад бин Мұхаммад бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби. Яғни әл-Фарабидің өз аты Әбу Насыр Мұхаммад, әкесініңде ныспасыда Мұхаммад, бабасының да аты Тархан, арғы атасы Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбунасыр ныспасының соңына кейде «әт-түркей» деген сөзді қосып, оның түркі екенін шегелей түседі.
Бірақ бізге белгілі ешбір еңбекте оның баласы, жанұясы туралы айтылмайды. Демек, ол араб елдеріне келгенге дейін, елу жасқа дейін үйлі-баранды, баласы болған деген сөз. Әйткенмен ол туралы да мәлімет жоқ.
Ғұлама «Музыка өнеріне кіріспе» атты кітабында «Шаһруд» аспабы туралы былай дейді: « Ол біздің заманымызда жасалып, бұрын танымал болмаған. Мұны бірінші болып тауып жасаған самарқандық Сағди Хуләйс ибн Ауас есімді адам болған. Ол бұл аспапты хижра жылымен 306 жылы (918-919) тау бөктеріндегі әл-Мах елінде жасаған. Кейін ол оны Соғд қаласына алып келеді.
Соғд қаласының шығысы мен батысында орналасқан ел тұрғындарының ешқайсысына «Шаһруд» аспабы жат болмай, Мессопотамияға алып келінді. Бұл кезде елдерді арабтардың ұлы басшылары басқаратын еді. Сосын Бағдатқа келді. Бұл қала да оның дыбысын естіді, кейін Мысыр мен көрші елдерге өтті. Алжир мен Сирияға жетті. Бұл аспапты осы алуан түрлі елдерде өмір сүрген халықтардың жаңа-ескі әуендері сылдырлап, аспап дыбыстарының ешбірі олардың құлақтарына жат келмеді».
Бұл баяндаудан да байқағанымыз, «Шаһруд» аспабының таралу жолы ұлы ғұламаның жолымен дәл келеді. Бұл аспаптың Мессопотамияға келуін «алып келді», «алып келген» демейді немесе мақтаншақтарша «мен алып келдім» демейді, мәдениетті, сыпайы түрде «алып келінді» дейді. «Шаһруд» аспабын Орта Азиядан өзі алып келгенін, онымен араб елдерін қалай табыстырғанын қысқаша осылай баяндайды.
Біз үшін ең негізгісі - аспаптың жасалынған жылы. Хижраша 306 жылы жасалынған аспап Бағдатқа сол жылы немесе одан кейін келуі мүмкін. Одан бұрын келуі мүмкін емес. Демек, «Шахруд» аспабын Мессопотамияға алып келген ғұлама Бағдатқа 306-шы жылдан кейін, яғни 50 жас шамасында ғана келген деген сөз.
Ойымызға тұздық болсын, 2009 жылы шыққан «Әбу Насыр әл-Фараби. Таңдамалы трактаттар» кітабында мынадай дерек келтіріліпті: «А.Абнан ХVғ. Мулла Лутфидің «Кашф әз-Зунун» кітабына сүйеніп, Фараби өз Отаны - Түркістанда жүргенде Семанид Мансур ибн Нухтың өтінішімен «Әт-Тағлим әс-Сани»(екінші тәлім) еңбегін жазғанын айтады.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл ойларды түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Фарабидің Аристотельден кейінгі «Мұғалли әс-Сәни», яғни (екінші ұстаз) атануы дәл осы жағдаймен байланыстырылады. «Әт-Тағлим әс-Сани» кітабы «Сиуан әл-Хикма» Исфаһан кітапханасында сақталған. Ибн Сина философия мәселелерін осы кітаптан оқыған. Осындай мәліметтер ертеректегі түрік ХII ғ. Ташкупри заде Ахмед Афандидің жұмысында да кездеседі. Рас, көпшілік ғалымдар бұл кітап ұлы ғұламаның халифтің тапсырмасымен Орта Азияда болып қайтқан кезінде жазылған деп есептейді. Бірақ әл-Фарабидің халифтің бұл тапсырмасын қалай орындағаны беймағлұм. Себебі әл-Фараби бұдан кейін Бағдатқа қайтып оралмаған. Ол Сирия, Мысыр елдерінде қалған өмірін өткізген. Тіпті ғұламаның Орта Азияға барған-бармағаны да белгісіз. Сондықтан ұлы ғұлама бұл кітабын елу жасына дейін, яғни Бағдатқа келгенге дейін жазған деуге болады.
Осы көрсетілген мәліметтерді қорытындылай келе, «әл-Фараби бала кезінде білім іздеп Бағдатқа аттанды» деген деректің қате екенін, «ол Бағдатқа білімі, ақылы толығып, елу жасқа келгенде ғана келген» деген пікірді дұрыс деп ойлаймыз.

Тарих өрінде

Өзбек ғалымы М.М.Хайруллаев «Орта Азиядан кетпей тұрғанда әл-Фараби Шаш пен Самарқанға соғып, біраз уақыт Бұхарада оқып, жұмыс істегені туралы әдебиетте деректер бар.Ол Бағдатқа барар жолда Иранның көптеген қалаларында: Исфахан, Хамадан, Рей (Тегеран) және т.б. болады. Фарабидің саяхатқа шығып, Бағдатқа келген уақыты белгісіз. Кейбір деректерде ол Бағдатқа Халиф әл-Мұхтадирдің тұсында (908-932) келгені туралы айтылады» десе, 1977 жылы шыққан «Үлкен Совет Энциклопедиясында» бұндай әлем мойындаған ғалымның «қазақ жерінде ғана емес, тіпті Орта Азияда мұндай білім алуы мүмкін емес» деп қызғанғандай: «Фараби ғылыми білімді Халеб (Алеппо) пен Бағдатта алды» деп бір-ақ кесіпті.
Кез келген көзі ашық адамға түсінікті бір жай бар. Адам ғылым-білімді жас балалық шағынан бастап жастық шағында үйренеді. Адам жиырма жасқа дейін, отыз жасқа дейін, әрі кетсе қырық жасқа дейін білім алуы мүмкін. Адам баласының физиологиялық қабілеті сондай, адам жас шағында ақпаратты, ғылым-білімді жақсы қабылдайды.Нағыз ғалым болатын адам сәби кезінен соған бейімділік танытып, жас шағында өз болашағына қажетті білім қорын жинап үлгеруі қажет. Ал жас ұлғайған сайын адамның ғылым-білімді игеру қабілеті баяулай беретіні баршаға аян. Жас ұлғайған кезде жас кезінде алған білімін өмірде пайдаланып, басқаға үйретіп немесе қабілетіне қарай ары қарай өз бетінше қорытып дамыта береді.
Физика саласындағы ғүламаның көрнекті еңбегі "Вакуум туралы" деп аталады. Мүнда ол табиғатта вакуум (бостық) жок екенін ежелгі грек оқымыстыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экспериментке) сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум проблемасынан басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның деңгей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде дененің жылы ұғымы не кішіреюі, түсірілген кернеу-күшке, кысымға байланысты ауаның көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жаққа берілуі және басқалар бар.
Ал Әбу-Насыр әл-Фараби Бағдатқа келген кезде елу жаста, демек, ғылым-білім үйренетін емес, осы уақытқа дейін алған білімін ойда қорытып, басқаға үйрететін жаста болатын.
Енді ұлы ғұламаның араб-парсы елдерінде кімнен не үйренгені туралы жазылған деректердің бірпарасы не дейді, оны да назардан тыс қалдырмаған жөн.
Бір мәліметтер әл-Фараби Бағдатқа келгенде араб тілін білмеген деп көрсетеді. Ал енді біреулері әл-Фараби­дің 70 тіл білгендігін айтады. Ал, нақты­сы, ұлы ғұлама өте сирек қолданылатын, кейде тіпті құпиялық үшін қолданатын тілдерді де өте жақсы білген. Араб жеріне келгеннен кейінгі отыз жыл ішінде 164 трактат жазып қалдырған. Ұлы ғұламаның жазып қалдырған еңбектерін Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Әбу әл-Уаха, ибн Бадж, ибн Туфайл, ибн Рушд, Омар Хаям сияқты Шығыс ғұламаларымен қатар Роджер, Бекон, Леонардо да Винчи және т.б. Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.Тіпті әл-Фарабидің ашқан кейбір жаңалықтары Еуропа ғылымына XVII ғасырда ғана мәлім болған. Және ең негізгісі, ұлы ғұлама бұл еңбектерінің барлығын тек араб тілінде жазған. Себебі араб халифаты бұл кезде Азия, Африка,Еуропаның өте көп жерін алып жатқан-дүр. Араб тілі көп қолданылатын тіл болатын.
Сонда «әл-Фараби араб тілін білмеген» деген дерек қайдан шыққан? 70 тіл білген делінетін ұлы ғұламаның араб тілін білмеуі мүмкін бе?
Әл-Фараби дүниеге келгеннен 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен Ислам дінін қабылдаған.
Фарабидің бұл кітабы музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби му-зыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығарудағы қабілеті дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.
Ол кез санасы ашық әрбір мұсылман Ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Әл-Фарабидің арабтілді ғалымдар санатына қосылуы сол кезден бастау алады.
Айта кететін нәрсе, ғұламаның атасы Тархан Ислам дініне шын берілген адам болса керек, баласына Мұхаммед деп ат қойыпты.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
Ал Мұхаммед өз кезегінде өз баласына да азан шақырып, Мұхаммед деп ат қойыпты. Бұдан бұл әулеттің Исламға таза берілгенін,ұлы ғұламаның жастайынан Ислам іліміне бейімделіп өскенін, араб тілін игеруді жастай бастағанын түсінуге болады.
Әл-Фараби Бағдатқа келген соң дәріс алған деп үш ғалымның аты аталады.
Қарт христиан дәрігері, логиканың білгірі Әбу Бишр Матта ибн Юнустан логикадан дәріс алады, кейін ұстазынан асып түседі.
Лингвистикалық ғылымдарды жетік меңгеруді қалаған әл-Фараби грамматика саласының маманы Әбу Бәкір ибн әс Сирадждан грамматикадан дәріс алады.
Әли Юхан ибн Хайланнан да логика саласынан дәріс алады. Әл-Фараби «Дәлелдеме» кітабымен осы Хайлан үйінде танысқанын айтқан.
Әл-Фарабидің бұл ұстаздары Иса пайғамбарды «Құдайдың баласы» демей, «пайғамбар» деп таныған несториандық христиандар болған. Олардың ата-бабалары Византиядан қудаланған соң Таяу Шығыс пен Орта Азияны паналаған. Араб елі бұларға зор құрмет көрсетіп, ғылым жасауға пайдаланған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әл-Фараби бұл грекиялық ғалымдардан логика мен грамматикадан дәріс алғаннан кейін ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол шамамен Аристотельдің барлық кітаптарына түсініктеме берген. Ол Птоломейдің «Алмагесіне» және Порфирийдің «Эйсогесіне» түсініктеме жазды. Эвклидтің геометрия жайындағы кітаптарын терең зерттеп, Платонның күллі кітаптарын оқиды.
Ол математик ретінде өзара бір-бірімен тығыз байланысты үш бағытта зерттеулер жүргізіп, көрнекті жетістіктерге жеткен. Олар: 1. математиканың әдістемелік мәселелері (математикалык ғылымдардың пәні, негізгі ұғымдарының, әдістерінің шығу тегі, т.б.); 2. математиканың нақты проблемаларды шешуге қатысуы; 3. математиканы астрономия, музыка, география, геометрия, т. б. ғылымдарға қолдану. Әл-Фараби, әсіресе, математика философиясы, геометрия, тригонометрия салалары бойынша ірі жаңалықтар ашқан (алгебраның пәнін анықтау, салу есептерін бір жүйеге келтіру, синустар теоремасы, т. б.)

Бұған қоса, әл-Фарабидің логика, философия және т.б салаларға қатысты жазған өзінің еңбектері де көп.
Байқап отырсаңыздар, ұлы ғұлама грек ғалымдарынан дәріс алғаннан кейін ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін зерттеумен шұғылданыпты.
1998 жылы шығарылған «Қазақстан.Ұлттық энциклопедиясында» әл-Фараби туралы мынадай мәлімет беріпті:
«Әл-Фарабидің Бағдатқа баруының мынандай екі сыры бар:
Біріншіден, сол кездері Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған.
Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта «Байт әл-Хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен».
«Бағдатта әл-Фарабидің достары, шәкірттері көп болды.Оның музыкалық мектебі бүкіл араб еліне әйгілі болды.
Ол астрономия-архитектура-музыка - осы үш саланы бірдей, бір әдіспен зерттеу негізін қалады.
Ол алхимия, физика, медицина салаларына зерттеулер жүргізген.
Оны Бағдат дәрігерлері өздерінің басшы адамы деп санайды.
Сайф ад-Дауланың тапсырмасы бойынша «Китаб аль-Музыка аль-Кабир» (Музыканың үлкен кітабы) жазады. Себебі Сайф ад-Даула сарайында әл-Фараби өзінің музыка саласында асқан шебер, талант екенін көрсетеді» («Әл-Фараби және Абай». Ақжан әл-Машани).
Әл-Фарабидің музыкалық дарыны туралы араб елдерінде түрлі аңыздар таралған.
Каир қаласында шыққан «Әбу Насыр әл-Фараби.Музыка туралы үлкен кітап» атты кітаптың кіріспесінде: «Екінші Ұстаз атанған әл-Фараби ұшқыр ойлы болған… Ол - үлкен мұсылман ойшылы және музыка өнеріндегі ең көрнекті теоретик.
Әл-Фараби бала кезінен-ақ музыкалық аспапта ойнап,өлең айта білген деседі» деген мәлімет беріліпті.
Расында, әл-Фараби Шығыс халық­тарының музыкасының үлкен білгірі болған. Арабтар оның музыкалық шығармаларын күні бүгінге дейін пайдалануда. Әл-Фараби ертеде цитраға ұқсас құрал шығарған дейді, ол оның үстіне интервал бөлімдерін өлшеп, әуендердің кемел түрін анықтайтын кескіндері бар сызғыш қойыпты.
«Даусыз, әл-Фараби музыка өнерінің қолданбалы саласының жетік білгірі әрі осы өнердің теориялық негіздерінің барлық мәліметтерін білген. Оның осы ғылымдағы кітабы үлкен салмаққа ие болды, себебі Ислам әлемі орнағалы бері араб дүниесінде мұндай орасан еңбек бұрын да, кейін де жазылмаған» деп мойындайды Еуропа ғалымдары да.
«Расында да, музыка саласында әл-Фарабиге теңдес адам бұрын да, онан кейін де болмаса керек» (Француз бароны Барон де Ерланже).
Араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г.Фармер былай дейді: «Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби - «Екінші Ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ, ол, әл-Фараби бір өзі ғана бас король болып табылады. Басқаша айтқанда, музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған».
Әл-Фараби Бағдатқа халиф әл-Мұхтадирдің (908-932ж.ж) тұсында келеді (шамамен 920 жылдары). Халиф әль-Мұхтадир шыққан тегі түрік, данышпан ойшыл Әбу Насыр Мұхаммедті өзінің досы деп атады.
Ал Сирия билеушісі Сайф ад-Дауланың Фарабиге құрметі ерекше болған. Ол ғалым үшін сарайда барлық жағдай жасауға әзір тұрған, бірақ Фараби қанағатшыл және барына шүкір ететін жан еді. Сондықтан патшадан күніне төрт дирһамды құрайтын жалақыны ғана қабыл алған.
Кейін ұлы ғұлама қайтыс болғанда оның жаназасына қасына он бес нөкерін ерткен Дамаск әміршісі Сайф ад-Дауланың өзі қатысады.
Осының бәрін сараптай келе, ұлы ғұлама Таяу Шығыс елдерінде білім алған оқушы, шәкірт ретінде емес, керісінше, ғылым-білімді үйреткен ұстаз қызметін атқарған деген қорытындыға келеміз.
Бағдатқа алғаш келген кезінде ежелгі грек ғылымын оқып, зерттеу үшін грек оқымыстыларынан логика мен грамматикадан аздап дәріс алғанынан басқа ұлы ғұламаға ғылым үйреткен дейтін бірде-бір адам табылмайды.
1. Музыка саласында теңдесі жоқ ұстаз.
2. Медицина саласында Бағдат дәрігерлері оны өздерінің басшысы деп санаса, кейін медицинаның атасы атанған Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) өзін оның шәкіртімін деп есептеген.Ибн Синаның «Арылу кітабы»(Книга исцеления) әл-Фарабидің «Екінші ілім» деп аталатын энциклопедиялық еңбегінің қысқартылып, өңделген нұсқасы болып табылады» дейді ғалымдар.
3. Әл-Фараби әлемдік философия ойының дамуына терең із қалдырды. Оның философиялық идеяларының мағыналық мазмұны исламдық Шы­ғысты ғана емес, христиандық Батысты да таңдай қақтырды. Күні бүгінге дейін әл-Фарабидің іргелі үлесін қоспай, философия тарихын елестету мүмкін емес.
4. Әл-Фарабидің ғылымдарды жіктеу жүйесі, азаматтық ғылымға қатысты еңбектері, физика-математика, астрономия, химия-биология саласындағы еңбектері адамзат ақыл-ойының дамуына, ғылым-білімнің ілгерілеуіне зор үлес қосты.
Ұлы ғұламаның ерекше дарыны мен асқан білімін таныған Сирия билеушісі оны өзіне арнайы шақырып, ерекше құрметтесе, жарты әлемнің билігін қолында ұстап тұрған Бағдат халифы әл-Мұхтадир оны өзімен теңестіріп, «досым» деп атады.
Сонда ұлы ғұлама халифаттың ғылым-білім орталықтары болған Бағдат пен Сирия ғалымдары мен билеушілерін бас идірген ғылым-білімді қайдан және қашан алған?
Әрине, жас кезінде, елу жасқа дейін, Бағдатқа келгенге дейін, туып-өскен Оты­рар өлкесінде, одан қалса, Орта Азия аумағында.
Орта Азия о бастан түрлі мәдениеттер тоғысатын және байланыс жасайтын өркениет орталығы болатын.Төңіректің төрт бұрышынан келіп-кетіп жататын керуендер Отырар мен Орта Азия қалаларына соқпай кете алмайтын.
Бір жағы, Бағдат-Мысыр Шамнан; екінші жағы, Шын-Машын - Қы­тайдан; үшінші жағы, Ауған-Үндіден; төртінші жағы, Хазар - Еділ - Бұлғардан; бесінші жағы, Грек - Рум елдерінен шыққан керуендер Орта Азия мен Отырар өлкесінде тоғысатын. Кейін «Ұлы Жібек Жолы» деп аталған сауда керуен жолының бұл орталығы бір кездері дін таратушылар жолының да маңызды орталығы болған. Бір кездері зороастра дінінің уағызшылары, будда монахтары, христиан дінінің түрлі тармақтарын тарататын монахтар, мұсылман сопылары мен дәруіштері Орта Азия мен Отырарда жолығатын. Олар өздерімен бірге діни және басқа ілімдер туралы түрлі кітаптарды жеткізіп жатты.
Кожа Ахмет Ясауиді тәрбиелеген ұстазы Арыстанбаб әулие 32 дін білген деген аңыз тегін болмаса керек.
«Отырар - бір кездері атақты астана, толып жатқан керуен жолының торабы, әйгілі мәдениет, сауда орталығы, Х-ХV ғасыр Сырдария жағасында мұнан үлкен қала болмаған» дейді Әлкей Марғұлан.
«Ислам діні тарамай тұрған кезде Оты­рар өлкесі, жалпы алғанда, Тұранның, Сарматтың көне мәдениеті едәуір жоғары дәрежеде болған. Ертедегі мәліметтерде Отырар - жоғары мәдениетті қала, оның кітапханасы дүниежүзіндегі кітапқа бай орын болып табылады, осы жағынан ол Александриядан кейінгі 2-ші орынды алады деп жазған Александрия ғалымы Птоломей. Отырар сол Птоломей картасында бар» дейді Ақжан әл-Машани «Әл-Фараби және Абай» атты еңбегінде.
Сыр бойында сақтардан кейінгі өз бірлестігін құрған Қаңлы мемлекеті туралы деректер б.д.д. ІІ ғ. Қытай деректерінде айтылады. Қаңлы ханының ордасы Отырар (ол кезде Кангу Тарбан деп аталған) қаласында орналасқан.
Отырар қаласында барлық ке­руен жолдары түйісіп, Еуразия елдерінің саудагерлері, зиялы адамдары бас қосып, кеңес құрып отырған. Қалада керуен сарайлар, базарлар, мәдениет орындары, қоры өте бай кітапханасы болған.
Қаңлы елінің ғажайып музыкасы мен мың бұралған бишілері туралы Қытай тарихшылары тамсана жазған.
Арада мың жыл өткенде осы өлкенің түлегі әл-Фараби өзінің музыкалық қабілетімен және білімімен Таяу Шығыс және Еуропа елдерін таңдай қақтырды.
IX-XI ғ.ғ. Орта Азияда ғылым-білім, философияның гүлденген уақыты болды. Сол кезеңдегі ортаазиялық ғалымдар - әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Хорезми, әл-Бируни және т.б. көне дәуірдің ғылыми мұрасы мен философиясын жинақтап, жаңа деңгейге көтерді. Олар Орта Азия халықтары тарихи байланыста болған барлық ұлы өркениет көздеріне үңілді. Бұлар көне грек ғалымдарының еңбектері мен көне үнді жазбаларының сырларын, Орта Азия халықтарына белгілі мұралары арқылы көне Қытай ілімін зерттеді және пайдаланды. Бұл кезеңде Батыс христиандары ортаазиялық ғалымдар - әл-Фараби, ибн Сина, әл-Бируни, ибн Рушдпен бой жарыстырар бірде-бір ғалым шығара алмады. Бұл кезеңде Орта Азия ғылымы әлемдегі алдыңғы орынға шықты. Бағдат халифаты мұсылман әлемінің түрлі тарабынан, әсіресе, Персия мен Орта Азиядан ғалымдарды орталыққа жинады. Осы мақсатта халиф әл-Мамун Бағдатта «Байт ал-Хакма» атты ғалымдар үйін ашты және әлемдегі ең бай кітапхана қорын жинақтады. Бұл ғалымдар үйі ғылым мен өнер адамдарына қақпасын кең ашты. Алғашқы кезде Бағдат ғылымын атақты ортаазиялық математик Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми басқарды. Әл-Фарабидің кезінде Бағдат халифі әл-Мұхтадирдің ең сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған (Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы.1998 жыл). Ендеше, жасы елуге келгенде Бағдатқа ат басын бұрған ұлы ғұламаны білім іздеген шәкірт деп емес, осы ғалымдар үйіне шақыртумен келген ұстаз деп қараған дұ­рыс.

Бекжан Бейсенбай

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданы


Карта сайта
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
    PR.RU™